Қазақстанда Алатау атты жаңа қаланың құрылысы басталды. Ол Алматыдан 50 шақырым жерде орналасқан және озық технологияларды, цифрлық шешімдерді, халықаралық құқықтық стандарттарды біріктіреді. AIF-2025-ке келген халықаралық сарапшылар Алатау туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоба алғаш рет 2024 жылы мамырда Қазақстан Президентінің Сингапурға сапары кезінде таныстырылды. Сол кезде ол халықаралық инвесторлардың, технологиялық және консалтинг компанияларының қызығушылығын туғызды.
Бүгінде жаңа қаланы құру үшін әлемдік деңгейдегі сарапшылар жұмыс істеп жатыр, олардың ішінде Asia Infrastructure Solutions төрағасы, Алатаудың жобалау және құрылыс жөніндегі бас кеңесшісі Вонг Хэн Файн, сондай-ақ, KPMG Korea цифрлық бағытының серіктесі әрі басшысы, PropTech және цифрлық платформаларды урбанистикаға енгізу жөніндегі жетекші маман Мун Пак бар.
Бұл қала — жастар мен инвесторлар үшін мүмкіндік
Қалалық орта саласындағы атақты сингапурлық сарапшы Вонг Хэн Файн қалаларды жобалап қана қоймайды, ол бұл қалалардың алдағы онжылдықта қандай болатынын көреді. Ал бүгінде Вонг Хэн Файн Қазақстанның жаңа қаласын дамытумен айналысып жатыр.
©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова
Вонгтың айтуынша, жаңа қаланы құрудағы басты мақсат — адамдарды өнеркәсіп арқылы тарту.
"Менің бірінші әрі басты кеңесім: басқа адамдарды тарту үшін қала өнеркәсіпке негізделуі керек. Яғни ең бастысы — өндіріс", — деді Вонг Хэн Файн Астанадағы халықаралық форум аясында журналистерге берген сұхбатында.
©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова
Сарапшы Қазақстан инновация арқылы өңір елдері арасында көшбасшы бола алады деген пікірде.
"Біріншісі — посткеңестік елдер арасында инновацияларда көшбасшы болу. Озық технологияларды, материалдарды қайта өңдеуді қамтитын төрт негізгі технологияға кеңес беремін. Сондай-ақ, жаһандық деңгейде көшбасшы болу, яғни әлемдік ойыншылардың сенімін ояту. Мысал ретінде алайық: Америка Қазақстанға, осы жаңа қалаға инвестиция сала алады. Қазақстан жаңа инвесторлардың сенімін оятуға тиіс", — деп толықтырды сарапшы.
Оның пікірінше, қаланы салу ғана емес, адамдар мен компанияларды бұл қалада өмір сүруге және жұмыс істеуге сендіру де маңызды.
"Жақсы қала салу — бір бөлек дүние: жаңа, инновациялық қала. Ал инвесторларды жаңа жағдайда өмір сүре алатынына сендіре білу — мүлдем басқа дүние. Олардың сеніміне кіре білу керек. Ең бастысы: бұл компаниялардың қажеттіліктерін түсініп, олардың қажеттіліктері мен бюджетін сәйкестендіруіміз керек. Осының арқасында қала салу қажет", — деді Вонг Хэн Файн.
Сарапшы қазақстандықтарға елде қалуы үшін жағдай жасау маңызды екенін мәлімдеді.
©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова
"Оларды жақсы баспанамен қамтамасыз етуіміз керек, сонымен қатар, 5G интернет сияқты барлық жағдай барын көрсетуіміз керек. Сондай-ақ, жас қазақстандықтарға ұлттық компаниялар мен халықаралық корпорацияларда жұмыс орындарын ұсына аламыз. Осылайша бұл компаниялар осы қалада болуы қажет", — деді ол.
Цифрлық шешімдерге арналған қала
KPMG Korea цифрлық бағытының серіктесі әрі басшысы, PropTech және цифрлық платформаларды урбанистикаға енгізу жөніндегі жетекші маман Мун Пактың пікірінше, Алатаудың алғашқы тұрғындары жаңа өндірістің мамандары болады..
©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова
"Жаңа қаланың алғашқы тұрғындары, резиденттері "орта биіктік экономикасы" деп аталатын экономиканың жаңа бағытының өкілдері болады. Бұл — үлкен адами капиталды қажет ететін технологиялық тұрғыдан қарқынды сала, дәл осындай мамандар жаңа резидент болады.
Alatau City — 20-30 жас аралығындағы жас мамандардың карьерасы үшін мүмкіндік. Бұл — технологиялық салаларда, IT, бағдарламалау салаларында жұмыс істейтін жаңа тұрғындар. Бұдан бөлек, олар — жастар. Яғни Алатау жастарға арналған қала деп айтуға болады", — деді ол форум аясында.
Сондай-ақ, Мун Пак қалада криптотехнология дамуы мүмкін екенін айтты.
"Жаңа урбанистік жоба криптохабтың рөлін де қоса атқара алады. Қазіргі заман тәсілдерді қайта қарауды талап етеді. Әлем төлемдерді жүргізудің дәстүрлі тәсілдерінен біртіндеп алшақтап барады және криптовалюта Алатауды дамыту бағыттарының біріне айналуы мүмкін", — деді сарапшы.
Уақыт өте келе өзгеретін сәулет құрылысы және инвесторларды қорғайтын заңдар
Дәстүрлі қалалардан айырмашылығы сол — Alatau City басынан бері икемді жүйе ретінде ойластырылған. Оның бас жоспары бірнеше модульден тұрады, бұл жай ғана архитектуралық шешім емес, ол — болашаққа бейімделу стратегиясы.
"Alatau city-дің бас жоспары бірнеше модульден тұрады. Қажет болса, заманауи тенденциялар пайда болса, бас жоспарды жақсы бағытқа тағы өзгертуге болады", — деп түсіндірді атақты сингапурлық сарапшы Вонг Хэн Файн.
©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова
Оның айтуынша, мұндай тәсіл Сингапурда өз тиімділігін көрсеткен.
"Сингапурда белгілі бір мәселелерге тап болдық: қала өте кішкентай, біз мұнда да модульдік жүйелерді қолдандық. Бұл қолданыстағы инфрақұрылымға жаңа тенденцияларды енгізуге мүмкіндік береді. Сингапур биыл өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтеді, осынша жыл өткеніне қарамастан Сингапурдың бас жоспары өзгеріп тұрады. Жаңа технологияларды күнделікті өмірімізге бейімдеуге тырысамыз", — деді Вонг Хэн Файн.
Архитектураның икемділігіне орай тұрақты құқықтық шешімдер қабылдануы қажет. Вонгтың пікірінше, басты міндеттердің бірі — жаңа қаланың заңды негізін қалау.
"Alatau city жобасын іске асырудағы басты сын-қатер — қала үшін дұрыс құқықтық негіз құру", — деді Вонг Хэн Файн.
©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова
Сарапшының айтуынша, жобаның халықаралық деңгейге шығып, өзге елдерге үлгі болуына мүмкіндік беретін дәл осы — ойластырылған құқықтық үлгі.
"Alatau city жобасы — бірегей жоба, себебі ол "орта тұлғалар экономикасына" негізделген. Бұл — әлемде теңдесі жоқ бірегей тәсіл. Бәсекелестерімізден әлдеқайда алға жылжыдық", — деді Вонг Хэн Файн.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!