Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт ресейлік ән бағдарламасына қатысып жатқан әнші Әміре туралы өз ойын білдірді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Тележүргізуші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Біздің жұлдыздарға мұндай шоуға қатысудың не керегі бар? Ернар мойындалған әнші. Ол вокалда біліктілігі жоғары, мықты маман. Оны бағалау үшін осындай бағдарламаларға қатысудың не керегі бар?!
Біздікілер үшін ішің ашиды екен. Ол өнерін енді, тәй-тәй басып келе жатқан бала емес. Ернардың өз жолы бар суреткер. Біреудің мойындауына зәру емес!», — деді тележүргізуші.
Я вообще не понимаю зачем нашим звёздам участвовать в таких шоу? Ернар уже признанный мастер. Он сам супер-эксперт в вокале. Зачем все эти оценочные программы?! Даже обидно за наших. Он ведь не школяр, он давно прошел этот этап.