Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушылар 42%-ке төмендеген.

Былтыр 46 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болса, биыл 26 мыңға жуықтаған. Сала мамандары оң өзгерісті тұрғындардың табыс көзі тұрақталып, әлеуметтік жағдайдың жақсарғанымен байланыстырады. Сонымен қатар көмек алушыларды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту сияқты қолдау шаралары да нәтиже берген. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін бюджеттен 7,5 млрд теңге бөлінген.

Зухриддин Дәулетов, Қалалық Мансап орталығының бөлім басшысы:

- Қайтарымсыз грант алған отбасылар бар. Мамандығы жоқ азаматтарға кәсіптік оқу курстарына жолдап, оларды жұмыспен қамтимыз. Соның есебінен отбасылардың жиынтық табыстары жан басына шаққанда кедейлік шегінен асып отыр. Бірінші негізгі себебі осы болып отыр.