Үкімет басшысы Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына келген Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақты кеңейту, жоғары деңгейдегі келісімдерді іске асыру және гуманитарлық жобаларды дамыту мәселелерін талқылады. Былтыр Қазақстан мен ұйымға мүше елдер арасындағы тауар айналымы 11 млрд 400 млн долларға жеткен. Сондай-ақ биылдан бастап Ақтау Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Ал маусым айынан бастап Алматы Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы болып бекітілмек.
Динара Жарқынбек