Ақтөбелік жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің айналасын тазартты.
Бұл тас тұғыр орналасқан жер Түйетөбе деп аталады. 1920-40-шы жылдары Ақтөбе облысынан 6 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Оның мыңға жуығы ату жазасына кесілді. 1937-38 жылдары аралығында атылғандар осы Түйетөбе сайында жерленген. Бүгін жастар ескерткіш айналасын күл-қоқыстан арылтып, гүлдерді суарды. Тазалық шарасына 40-тан астам ерікті қатысты.
Заманай Қайнарұлы, облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
Тарихи ескерткіштің маңында жастардың қатысуымен тазалық жұмысы жүргізіледі. 31 мамыр күні дәл осы ескерткіштерде гүл шоғын қою шарасы ұйымдастырылатын болады.
Жақсыбек Кемал