Әдеттегідей жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде орналасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жер сілкінісі бүгін түс уақытында болған. 31 мамырда Астана уақытымен 13:28 минутта ТЖМ "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркепті.

Дүмпудің координаттары: 42.140 с.е., 81.060 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде орналасқан.

Дегенмен тұрғындар сілкіністі сезбеген екен. Яғни, дүмпу балы аз болған.

Кейінгі кездері Алматы, Жетісу облысы мен Қытай және Қырғызстан аумағында дүмпулер көбейгені байқалады. Осының алдында, 27 мамыр күні Жетісу облысында жер сілкінген еді.