Алматыда 1 маусым күні «BALAFEST. Jaryq SKILL FEST» балалар фестивалінің өтеді. Осыған байланысты Төлеби көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, Төле би көшесінің Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесіне дейінгі шығыс бөлігі жабылады. Қозғалыс 1 маусым сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін шектеледі.

Батыс бағыттағы көлік қозғалысында өзгеріс жоқ. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз,-делінген хабарламада.