"Ұлттық қор – балаларға " жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталған еді. Оның шеңберінде 2006 жылдан кейінгі туған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жобаны Үкімет Қаржы министрлігі арқылы іске асырады және Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды көздейді. Жинақталған қаржыны тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалануға болады.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы бағдарламаға 6 919 131 адам — 2006 жылдан 2023 жылға дейін қоса алғанда туылған балалар қатысты. Олардың әрқайсысына 100,52 доллар есептелді.
Есептеудің жалпы сомасы 695,5 млн долларды құрады. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа жетті, оларға жалпы сомасы 30,6 млн доллар аударылды.
2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал есептеулер 129,38 долларды құрады.