Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы Құрбан айт намазының уақытын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарияланған кестеге сәйкес, айт намазы еліміздің басым бөлігінде таңғы сағат 06:00-де оқылады. Яғни, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында Құрбан айт намазы сағат 06:00-ге белгіленген.
Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында намаз 06:30-да басталады.
ҚМДБ тұрғындарға мерекелік намазда қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды.
Еске сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы биыл ел тұрғындарын Құрбан айт мерекесін ұлттық дәстүрге сай атап өтуге шақырған болатын.
Бұдан бөлек, мүфтият жуырда онлайн құрбан шалуға арналған қосымшасын таныстырған еді.