Қалада Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шараның соңы тәртіпсіздікке ұласты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атаулы күнге орай "Толқын-1" шағынауданында орналасқан балалар киім дүкенінің алдында жергілікті кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ, тәтті мақта және түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырған екен.

Бірақ тегін балмұздақ пен тәттіге көпшілік таласып қалған. Тіпті, дүкеннің алдында жүздеген адамнан кезек құралып, соңында кептеліс болған..

Салдарынан адамдардың қалың тобында бірнеше бала жоғалып кеткен. Ұйымдастырушылар амалсыздан оқиға орнына тәртіп орнату және жағдайды реттеу үшін полиция қызметкерлерін шақырыпты.

Осы жағдайға қатысты әзірге қала әкімдігі немесе облыстық полиция департаменті тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.