Шымкенттегі «Наурыз» алаңында «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» атты мерекелік іс-шара өтті. Оны қалалық ТЖД ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында балалар өрт және су қауіпсіздігі бойынша пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар құтқару, өрт сөндіру, алғашқы көмек көрсету техникаларымен танысып, сурет салу және өрт сөндіруші киімін кию жарысына қатысты. Бұдан өзге «Кім тапқыр?» викторинасы мен эстафеталарда белсенділік танытты. Ал ең қызығы – қызметтік ит Берта өз шеберлігін көрсетті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар мен марапаттар табысталды.