Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу үшін арнайы қауіпсіздік бейнеролигі әзірленді.
Бас прокуратура жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмысты күшейтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осы мақсатта кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған арнайы бейнеролик әзірленді.
Бейнероликте балалардың су айдындарында, спорт және ойын алаңдарында, ашық терезелер маңында және жол бойында қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері қамтылған. Сондай-ақ балаларды кешкі және түнгі уақытта қараусыз қалдырмаудың маңыздылығына ерекше назар аударылған.
Бас прокуратура балалардың қауіпсіздігі ата-аналардың, қоғам мен мемлекеттің ортақ міндеті екенін еске салып, ересектерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.