Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында жеке монша өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндірушілер жеткен. Қызыл жалын аумағы — 25 шаршы метр. Төтеншеліктердің жедел әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.