Мәжілістің жалпы отырысы өтті.
Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Қазыбек Иса Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың сұрақтарға мемлекеттік тілде жауап бермегенін сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сіз Әділет вице-министрі ретінде мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін білесіз. Осында қаншама депутат мемлекеттік тілде сұрақ қойды, бірақ сіз мемлекеттік тілде жауап бермедіңіз. Тіпті Екатерина Смолякованың мемлекеттік тілдегі сұрағына мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз. Келесіде Әділет министрлігінен мемлекеттік тілді білетін өкілді жіберсеңіздер немесе сіз өзіңіз үйреніп келіңіз. Әділет вице-министрінің мемлекеттік тілді білмеуі – әділетсіздік", – деді Қазыбек Иса.
Айта кету керек, бұған дейін әкімшілік рақымшылық аясында қазақстандықтардың айыппұлы кешірілетінін жазғанбыз.