Продюсер Ақылбек Досжанов ата-әженің қолында өскеннің қандай екенін айтты.
Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Мен туғаннан әжеме берілгенмін. 4 жасымда әкемінің інісінің қолына өттім, сол жақта екі жыл тұрдым. Оларда бала болмағасын “бала етсін” деп мені Бішкке жіберді. Оларда артымнан ерген 3 қыз бар. Содан кейін қайтарады. Жалдамалы жүрген адам сияқты болдым. Кішкентай кезімнен біреудің сығалап тұрған өмірімен өмір сүрдім. Шешеңе, әкеңе баратын ең тәтті кез менде болмады. Сол үшін мен адамдарға жалпақтай, жалтақтай беремін”, — деді продюсер.
Сондай-ақ, Ақылбек Досжанов әжесінің өмірден өткенін кеш білгенін айтты.
”Мен Мысырда оқып жүргенде әжем қыста қайтыс болған, маған ешкім айтпаған. Әжемнің қайтыс болғанын мамырда білдім. Өйткені, мамырда сабақтан келдім. “Сен сабағыңды оқысын деп айтпадық” деді. Қоштасып үлгермедім, соған өкініп қалдым”, — деді танымал продюсер.