Төтенше жағдайдың бейнежазбасы жарияланды.


Ресейдің Сургут қаласында лифт ішінде тұрған жас қыздың сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып кетті. Оқиға салдарынан өрт пайда болды. Бұл туралы өңірлік ТЖМ бас басқармасы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан қыздың лифтке кіргенін көруге болады. Есік жабылғаннан кейін оның сөмкесінен түтін шыға бастайды, кейін жалын пайда болады. Кейін оның телефон қуаттағыш құрылғы екені айтылды.

Оқиға Сургут қаласындағы Крылов көшесінде болған.

Басылымның жазуынша, төтенше жағдай бойынша 112 нөміріне хабарлама түспеген. Оқиғаның өзі әлеуметтік желілерді мониторинг жасау кезінде анықталды. Ведомство басқарушы компаниямен байланысқа шыққан. Бойжеткенге медициналық көмек қажет болмаған.