Қарабалиндер әулетінің туысы Фаризат Кенжеғалиева Kursiv Media-ға берген сұхбатында қайғылы жағдайдан кейін балалардың тағдырына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, қазіргі жағдайда Ақбаянның бес баласын туыстарының бірінің өз қамқорлығына алуы оңай емес. Себебі әр отбасының өз тұрмысы, өз балалары мен жауапкершілігі бар.
«Қазір біреудің баласын біреу бақпайды. Өз балаларың өз үйіңе сыймайды. Бәрінде бала бар. Егер Ақбаян сау болса, көмектесер едік. Бір отбасыны қырып салып...Мен өзім Ақбаянның баласын бағамын деп айта алмаймын. Кім болса да солай жасайды», – деді Фаризат Кенжеғалиева.
Ол сондай-ақ балалардың бұл жағдайға кінәсі жоқ екенін айтып, мұндай шешімге бармас бұрын бәрін ақылмен таразылау керек болғанын жеткізді.
«Балалардың кінәсі жоқ. Мұндай әрекетке барар алдында ойлану керек еді. Ақылмен шешу қажет болатын», – деді ол.