Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында заңсыз алтын өндіріп келгендер анықталды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, қазба жұмыстары «Көлшілік» учаскесінде жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.


Тексеру аудан прокуратурасы, ҰҚК департаменті және Күршім орман шаруашылығы қызметкерлерінің бірлескен рейді кезінде анықталған. Күдіктілер пайдалы қазбаларды ауыр техника мен спутниктік байланыс құралдарын пайдаланып өндірген.

Оқиға орнында төрт адам ұсталды. Олардың арасында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан азаматы да бар.

Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды

Күдіктілерден шынжыр табанды экскаватор, автокөлік, мотоцикл, қымбат металл іздегіштер, қол құралдары және өзге де жабдықтар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы – «Бағалы металдардың заңсыз айналымы» бойынша іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.