Талдықорғанда із-түссіз жоғалған 7 жасар баланы іздеу жұмыстары аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 26 мамырда таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған бала өлі табылған.

"Алдын ала мәлімет бойынша зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеріс жүргізіп жатыр", — деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)

Еске салайық, кеше қалада баланы іздеу жұмыстары ұйымдастырылған болатын. Баланың даму ерекшелігі бар екені де айтылды. Оның жоғалғаны туралы хабарлама полицияға сағат 19:50-де түскен. Ол кешке үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget