Желіде оқиғаның бейнежазбасы таралды .

Алматы қаласында газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында болған. Алатау ауданына қарасты Шапағат шағын ауданындағы Биянху көшесінде газ-ауа қоспасы жарылған.

"Апаттық құтқару жұмыстары барысында 1949 жылы туған ер адамның денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша газ-ауа қоспасының жарылуынан 1980 жылы салыған жеке тұрғын үйдің конструкциялары қирады", — деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Қазір мамандар жұмыс істеп жатыр. Жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.