Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот жарыссөзі барысында айыпталушылардың адвокаттары мәлімдеме жасады. Бәрі бірдей ой айтты: олардың қорғауындағылар кінәсіз, өйткені олардың кінәсі сотта толық дәлелденбеген.

Ағайынды Тоқтаубаевтардың адвокаты (Азамат пен Нұрболдың — еск.) тергеу кезінде оның қорғауындағылардың құқығы бұзылғанын мәлімдеді.

"Тергеу барысында Тоқтаубаевтардың кінәсі көрсетілген жоқ. Айыптау жалпы айғақтарға негізделген. Әрқайсының әрекеттері сипатталмаған, тек барлық 8 айыпталушының әрекеті көшіріліп қойылған", — деді қорғаушы.

Ол жәбірленуші тараптың, соның ішінде Қаржаубай Нұрымовтың айғақтары әртүрлі болғанын, сондықтан оларды шындық деп санауға болмайтынын айтты.

Сондай-ақ, адвокат пышақтар оның қорғауындағыларға тиесілі екені туралы ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеді. Сөзінің соңында ол қылмыс құрамы болмауына байланысты Тоқтаубаевтарды ақтауды сұрады.

Тағы бір адвокат болған жағдайға жәбірленушілердің өзі кінәлі екенін жеткізді. Оның пікірінше, Шерзат Дархан Әскентайды ұрмаса, Қаржаубай Нұрымов пышақпен шықпаса, ал Нұрғанат Ғайыпбаев атамын деп қорқытпаса, "ештеңе болмас еді".

"Қылмыстық кодекске сәйкес Ғайыпбаев, Нұрымов және Шерзатқа қатысты оқиға болған күнгі әрекеттерін ескере отырып, жеке шешім шығаруды сұраймын", — деді адвокат.

Сонымен қатар, адвокаттардың барлығы дерлік жәбірленушілер тарапына материалдық және моральдық зиянды өтеу бойынша өз қорғауындағыларға міндеттеме жүктемеуді сұрады. Олардың пікірінше, жәбірленушілер айтылған соманы негіздейтін жеткілікті дәлелдер келтірмеген.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы

2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.

Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленуші тарап өкілдері, яғни марқұмның әжесі, ата-анасы, одан бөлек куәгерлер сөйледі.

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар

Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget