Биыл қала бойынша 39 км жылу трассасын жаңғырту жоспарланған.
Алматыда жылу желілерін қайта жаңғырту себебінен екі көшемен қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" ЖШС .
Алматыда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында өз нормативтік мерзімін өтеп болған жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты қаланың Алмалы ауданында көшелердің екі учаскесінде автокөліктер қозғалысы уақытша шектеледі.
"3 маусымнан бастап 6 шілдеге дейін Алматының Алмалы ауданында автокөліктер қозғалысы шектеледі: Әйтиев көшесімен Бөгенбай батыр көшесінен бастап Төле би көшесіне дейін (екі бағытта); Қазыбек би көшесімен Шөкин көшесінен бастап Исаев көшесіне дейін (екі бағытта). Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегменттерінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жалпы, ағымдағы жылы аталған объектілерде 1978-1989 жылдары пайдалануға енгізілген, жалпы ұзақтығы 1 километрді құрайтын жылумен жабдықтау желілерін ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл 13 көппәтерлі үйдің тұрғындарын қыс мезгілінде тұрақты жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қала бойынша 39 км жылу трассасын жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алматыда газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза болды