Адольф Арцишевский – көрнекті жазушы, ақын, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Оның таланты мен еңбегі Қазақстан мәдениетінде өшпес із қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚазМУ- ді және КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітіргеннен кейін "Красноярский рабочий" газетінің тілшісі, Краснояр өлкесі аудандық газеттерінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан салалық журналдарында, радиода, "Жазушы" баспасында және "Простор" журналында қызмет атқарды.

Алматы қаласындағы жасөспірімдер театрында, М.Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, "Қазақфильм" студиясында "Тоғысқан тағдырлар" атты телехикаяның бас редакторы, "Новая эра" журналының бас редакторы болып қызмет еткен. І.Есенберлин, К.Ыскақов, Ә.Тарази, Б.Мұқай, Д.Исабеков, Ш.Құсайынов шығармаларын орыс тіліне аударған.