Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты 3 маусымда түнгі сағат 03:40-та Алатау ауданында болған деп, хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

– Lexus маркалы көліктің жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, қатар ауыстыру кезінде сол бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысты. Соның салдарынан көлік жанармай құю бекетіне соғылды, – делінген ведомство хабарламасында.

Жанармай құю бекетінің қызметкерлері соғылған көлікке ұнтақты өрт сөндіргіштерді шашып, оның өртеніп, жарылып кетуіне жол бермеді. Ал, бекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Қазір аталған жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.