2025 жылдың 4 маусымында таңертең қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 8:06-да тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстанда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде орналасқан.

Сейсмологтардың айтуынша, елді мекендердегі нүктелерде сезілу байқалмаған.