Экосана мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара бүгін 4-маусым күні бойы жалғасады.
Туризм және спорт министрлігі "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында "Автокөліксіз бір күн" челленджі басталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Челлендждің ең басты – шарты бір күн мүмкіндігінше жеке көлікке отырмай, балама көлік түрлері велосипед, қоғамдық көлік, электросамокатты пайдалану немесе жаяу жүру.
Министрлік челенджге үн қосып, бүгінгі экокүнделігіңізді фото-видеоға түсіріп, #ТазаҚазақстан және #АвтокөліксізКүн хештегімен әлеуметтік желіге жүктеуге шақырады.