Францияның Бордо қаласында футбол турнирі кезінде ауыр жарақат алған 14 жастағы футболшы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .

Иланн есімді жас қорғаушы қарсылас ойыншымен допқа таласта жарақат алған. Оқиға сәтінде ол кеудесіндегі ауырсынуға шағымданып, кейін есінен танып, комаға түскен. Жасөспірім бірден университеттік ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер жас футболшының жүрегі тоқтап, кейін ішке қан кету салдарынан бірнеше операция жасалғанын, алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмағанын хабарлады.

Оқи отырыңыздар:

  • Шаш кептіргіш жаңа туған сәбиді өлтірді
  • Ақтөбеде дәрігер жоғалып кетті

Қайғылы оқиғаға байланысты футбол клубы U15 академиясының барлық жаттығуларын тоқтатып, Иланнның командаластарына психологиялық қолдау көрсетіп жатыр.