Еуро сатып алу бағамы — 583, сату құны — 587.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 509—515 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 4 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512,10 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,50 теңге. Еуро — 583,64.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 583, сату құны — 587.


Оқи отырыңыз: Ұлттық банк пен телеком операторлары антифрод орталықтарын біріктіруде. Бұл не үшін қажет


Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,30—6,45 аралығында саудаланып жатыр.