Жалпы 2 775 көлік айыппұл тұрағына қойылған , оның 935-і мопед.
Алматы қаласының аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс-шара басталғалы бері Алматыда жол қауіпсіздігіне байланысты 52 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Кең тараған құқықбұзушылықтар қатарында:
• Маневр жасау ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам дерегі;
• Қарама-қарсы бағытқа шығудың 222 жағдайы;
• Бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кетудің 453 дерегі;
• 439 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін ұсталған.
Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.