Елге кіру ішінара шектелген мемлекеттер қатарында Түрікменстанда бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп 9 маусымнан бастап әлемдегі 12 ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салатын және тағы 7 елдің елге кіруін шектейтін жарлыққа қол қойды.

BBC хабарлауынша, бұл тізімде Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен мемлекеттері бар. Ал елге кіру ішінара шектелген мемлекеттер қатарына Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Венесуэла және Түрікменстан енген.