Ақтауда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі » экологиялық акциясы өтіп жатыр. Әріптесім Аягөз Оралбайқызы сол жерден тікелей эфирге қосылды, Аягөз, тазалық жұмыстарына бұл жолы кімдер атсалысуда?

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Қайырлы күн, Дархан!

Тазалық акциясына «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұжымы, «Жас Stars» бастауыш партия ұйымы өкілдері мен депутаттар қатысып жатыр. Олар 15-шағын аудандағы теңіз жағалауын қоқыстан тазалауда. Жұмыс барысын «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинованың өзінен сұрайық.

- Анар Амангелдіқызы, «Таза бейсенбі» акциясына қатысушылардың белсенділігі қалай?

Анар Шамшадиновағ «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Бүгінгі шарамыз экологтар күніне тұспа-тұс келді. Жалпы «Таза Қазақстан» идеясы, «Таза бейсенбі» идеясы тек қана табиғатты тазалау ғана емес, адамның салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылуы.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Иә, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облыс аумағында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оған аудан, қала тұрғындары атсалысып жүр. Былтырдан бері 29 мың тонна қоқыс шығарылған. Ал биыл 5 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналып, полигонға жеткізілді.

Аягөз Оралбайқызы