Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .

Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды — бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50% құрайды. Шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес барлық учаскелерде жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары негізгі нысандардың — «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта барлық құрылыс және инженерлік жұмыстар қалыпты режимде атқарылуда.

Оқи отырыңыздар:

  • Сенатта аумақтық қорғаныс туралы заң жобалары талқыланды
  • Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.