Қоғамда резонанс тудырған Талғардағы қанды оқиға Шерзат Болат өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін, 5 маусымда, Талдықорған қаласындағы сотта Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша судья Жанұзақов сот үкімін оқыды.

– Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуді белгілеуді;

– Равиль Сакиев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 99-баптың 2-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;

– Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 9 жыл;

– Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;

– Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру.

Естеріңізге сала кетсек прокурор Дана Сәрсенбай айыпталушылардың әрекеттеріне жеке-жеке тоқталып өткен еді.