Екі баланы қатты жел мен ағыс жағадан алып кеткен.

ШҚО Алтай ауданы Бұқтырма су қоймасында кәмелетке толмағандардың қатысуымен оқиға орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Балалардың ата-аналары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел шықты.

Құтқарушылар балаларды моторлы қайықтың көмегімен аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Тексерістен кейін балалар ата-аналарына берілді.

ТЖМ еске салады:

  • Балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз;
  • Қайықпен, катамарандармен және SUP-бордтармен сырғанағанда құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;
  • Ауа райы жағдайы мен желдің күшін қадағалаңыз;