Оқиға Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы жоспарлы патруль жүргізіп жүрген сәтте болған.
Астанадағы Сарыарқа ауданына қарасты коммуналдық жағажайда, Ш.Бейсекова көшесіндегі көпір маңында 11 жастағы бала суға батып кете жаздады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шомылып жүрген кезде баланың аяғы тартып, судан өз бетімен шыға алмай қалған. Қатты қорқып, абдырап қалған балаға құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп, судан алып шыққан.
Бақытымызға орай, медициналық көмек қажет болмады. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.