Елдің бірнеше қаласында Құрбан айт мерекесі кезінде 14 мыңнан астам адам жарақат алғаны мәлім болды, деп жазады inbusiness .kz сайты.

Елдің денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлу әлеуметтік желідегі X парақшасында құрбан шалу рәсімі кезінде 14 мыңнан астам адамның түрлі жарақаттармен ауруханаларға жүгінгенін мәлімдеді.

Жарақат алғандар саны бойынша Анкара алда (1 049 адам), одан кейін Ыстанбұлда (753 адам) және Конья қаласы (655 адам) тұр.

"Құрбан шалу кезінде жарақат алған 14 372 адам медициналық мекемелерімізге жүгінді. Біз құрбан шалу рәсімін тек кәсіби мамандар орындауға тиіс екенін тағы да ескертеміз және бұл рәсімді әлі өткізбеген азаматтарымызды сақ болуға шақырамыз. Барша жарақат алған жандарға Алла шипасын берсін, тез сауығып кетуін тілеймін", – деп жазды Мемишоғлу.