"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі "Тараз — Шымкент" автожолында болған жол апатына себепкер ауыр техниканы жол бойынан алып тастағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған деін Машат асуында апатқа ұшырап, ауыр техника жолды жауып қалған еді. Қазір көлік қозғалысы бір жолақпен кезектесіп жүзеге асырылып жатыр.
"Төрт күнге созылған жұмыстардың нәтижесінде ірі габаритті жүк жол жиегінен шығарылды. Қазіргі уақытта тралды шығару жұмыстары жалғасып келеді. Бұл шаралар аяқталғаннан кейін жол жабынының жай-күйі бағаланып, көлік қозғалысын толық қалпына келтіру жұмыстары басталады. Жүргізушілерден сақтық танытып, жолдағы уақытша шектеулерді ескерулерін сұраймыз", — делінген ведомство хабарламасында.