Алматыда Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қалалық ортаның санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .

Бүгін қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен Алатау ауданы әкімінің аппараты бірлесіп, Зерделі шағынауданында Экологтар күніне орай сенбілік өткізді. Экоакцияға шағынаудан тұрғындары, кәсіпкерлер мен қалалық коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

Әкімдік атап өткендей, тазалық іс-шарасына 300-ден астам адам және 22 арнайы техника жұмылдырылды. Қоқыс жиналып, жолдар мен тротуарлар тазартылып, арық желілері тазаланды. Шөп шабылып, ағаштар санитарлық мақсатта кесіліп, шағын сәулет нысандары сырланды, басқа да көркейту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 82 текше метр қоқыс шығарылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)