Айдын провинциясында түркиялық жандармерия шетелдік туристердің банк карталарынан ақша ұрлау факісіне қатысты ұйымдасқан топтың 20 мүшесін ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Ege Telgraf басылымы жазды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Басылымның хабарлауынша, заңсыз әрекеттен келген шығын 1 млрд 150 млн түрік лирін құрады ($29,2 млн). Кемінде 268 адам алаяқтардың құрбанына айналды.
Ұйымдасқан топ мүшелерін ұстау операциясы Түркияның Анталья, Измир, Ыстанбұл сияқты бірнеше қаласында өтті.
Тергеу мәліметтері бойынша, ұйымдасқан топтың қызметін Эгей теңізінің жағалауында орналасқан курортты Кушадасы қаласындағы қонақүйлердің бірінің иесі үйлестіріп отырған.
Нақтырақ айқанда, құқық қорғау органдарының өкілдері Кушадасы қаласының қонақүйлерінен POS-терминалдардың көмегімен жасалған күдікті операцияларды анықтап, 4 ай бойы алаяқтардың әрекетін бақылап отырған.
Белгілі болғанындай, туристердің банк карталарынан алынған мәліметтерді қылмыскерлер өзге қонақүйлер мен көлікті жалға беру орындарына айтып отырған.
Қаржының банк картасынан заңсыз шығарылғанын туристер еліне қайтып оралған соң ғана білген. Зардап шеккендердің ұлты туралы ештеңе айтылмаған