Алматы облысында ТЖМ қызметкерлері тауда адасып қалған жастарды тауып , құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бүгін түнде Талғар ауданындағы «Лесная сказка» таулы жерінде «Пионер» лагерінің маңында екі адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Таңертең іздестіру тобы жоғалғандарды тауып, таудан түсіріп, туыстарына табыстады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.