Тараз – Шу бағытында жолаушылар пойызы автобуспен соқтығысып қала жаздаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға Қорағаты – Татты аралығындағы реттелетін, бірақ қараусыз қалған темір жол өткелінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі пойыз жақындап қалғанына қарамастан, жолға шығып кеткен. Жолаушылар пойызының машинисі дер кезінде шұғыл тежегішті қолданып, апаттың алдын алды.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда бұл дерек құқық қорғау органдарына жолданды, тексеріс жүргізіліп жатыр.