Әкімдік тағы 10 млн теңге қаржылай көмек береді.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апатынан екі аяғынан айырылған 8 жасар Алуаға көрсетілетін көмек туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сақтандыру көмегі 20 млн теңге маңайында және әкімдік қазір 10 млн теңгені берді. Қосымша 10 млн теңге береміз деп жоспарлап отырмыз. Біз баспана мәселесін шешіп береміз. Ресми түрде айтып отырмын", — деді елорда басшысы Ақорда кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Астанада автобус бағанаға соғылып, 8 жастағы қыз екі аяғынан айрылғанын жазған едік. Қыз баланың отбасына автобус паркінің сақтандыру полисі есебінен 19,6 млн теңге берілетін болды.