Елордаға LRT жеңіл рельсті көлігінің екі құрамы жеткізілді.

Әрқайсысында 4 вагон. Ұзындығы 60 метр. Сыйымдылығы 600-ден аса жолаушы. Ал жоғары жылдамдығы сағатына 80 шақырымды еңсереді. Есіктері автоматты түрде ашылып-жабылып, тоқтау мен жылдамдық, депоға кіру-шығу және пойыздар арақашықтығын қадағалау бағдарламалық-ақпараттық жүйе арқылы басқарылады. Жылжымалы құрамдарға заманауи, жеңіл әрі берік материалдар қолданылған. Бұл жолаушыларға қолайлы және акустикалық жайлылықты қамтамасыз етеді. Вагондар Қытайдың Таншань қаласында шығарылған. Елге 10 күнде жеткізілді. Сатып алу және тасымалдау EPC-келісім-шарт негізінде іске асқан. Яғни бюджеттен қаржы бөлінбеді.