Көкшетау әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне 26 жастағы Айым Тұрапекова тағайындалды. Жаңа кеңесшінің өмірбаяны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
PRO КАДРЫ KZ Telegram-арнасы жариялаған өмірбаянына сәйкес, Айым Тұрапекова 1999 жылдың 1 қаңтарында Павлодар облысында дүниеге келген. 2019 жылы Халықаралық бизнес университетін "экономика және құқық" мамандығы бойынша аяқтаған.
Желі қолданушыларын ең қатты таңғалдырған тұс – Айымның еңбек жолын 2015 жылы премьер-министр кеңсесінде тағылымдамадан өтуші ретінде бастауы. Ол кезде оның жасы небәрі 16-да болған.
Алайда кейінірек өмірбаян түзетіліп, премьер-министр кеңсесіндегі тағылымдасының басталу жылы ретінде 2015 емес, 2019 жыл көрсетіліп, тағы аз уақыттан соң бұл тағылымдама туралы мәлімет өмірбаян мәтінінен мүлде алынып тасталған.