Техас штатының орталығы Остин және Даллас қалаларында халық бас көтерді, деп хабарлайды 24kz.

Полиция наразы топқа көзден жас ағызатын газ шашып, таратуға тырысып жатыр. Көшеге шыққандар бейбіт ереуіл өткізіп жатқанын, алайда полиция оларға күш қолданып, шерудің шырқын бұзғанын айтады.

Блиц:

- Біз басбұзарлық жасаған жоқпыз. Жай ғана жиналып, биліктің мигранттарды қуып жатқан саясатына бейбіт түрде наразылығымызды білдірдік. Алайда полиция бізге оқ атып, бірнеше белсендіні қамауға алды. Олар бізге өздері тиісіп жатыр.