Еліміздегі компанияларды 5 млрд теңге шығынға батырған Түркия азаматы Черногориядан ұсталды.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында күдікті қолға түсі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін түркиялық азамат Қазақстандағы компанияның директоры болған. Пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, ол бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған.Басқа жеке серіктестерге тиесілі қаражат пен мүлiктi заңсыз иемденген.
Келтірілген жалпы шығын 5 миллиард теңгеден асады.