Австриядағы мектепте 11 адамның өмірін қиған атысқа ұжымдық қысым себеп болған.

Зорлық жасаудың бұл түрін заманауи тілде моббинг деп атайды. Яғни бір топ адам бір кісіге психологиялық қысым көрсетеді. Полиция осындай тұжырымға келіп отыр.

Бұған шабуылды ұйымдастырып, кейін өзі де бақилық болған 21 жастағы жігіттің үйінен табылған хаты себеп. Мәселені жергілікті "Кронэ Цайтунг" ((Krone Zeitung)) гәзеті егжей-тегжейлі жазған. Әрине хаттың барлық мазмұны әзірге толық жарияланған жоқ. Полиция Грац қаласындағы мектепте оқ атқан Артур қысым құрбаны деген нұсқа ұсынып отыр. Қайғылы оқиғаға байланысты Австрияда бүгіннен бастап 3 күн қаралы деп жарияланды.