Бөлімдер
Жаңалықтар

Қызылорда әкімдігі бұрын жөнделген көшеге 1,2 млрд теңгеге конкурс жариялаған

Аталған бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Қызылорда қаласының прокуратурасы бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына жүргізген талдау барысында жалпы құны 2,8 млрд теңгені құрайтын заң бұзушылықтарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

  • 1,4 млрд т теңгелік көше жөндеу конкурсына бұған дейін жөнделген көше енгізілген;

  • нақты мекенжайы мен жұмыс көлемі айқын көрсетілмеген жобалық-сметалық құжаттамаға сүйене отырып, тағы 1,2 млрд т теңгеге күрделі жөндеу конкурсы жарияланған;

  • қала көшелерін санитарлық тазалау жұмыстары қолданыстағы шарт бойынша орындалып жатқанына қарамастан, қосымша тазалау үшін 223,2 млн т теңгелік мемлекеттік сатып алу рәсімі басталған.

Прокуратура енгізген қадағалау актісінің нәтижесінде аталған үш конкурс (жалпы сомасы 2,8 млрд т) күшін жойып, бюджет қаражатының орынсыз жұмсалуына жол берілмеді.