Әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы атынан жалған аккаунттар анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілерде агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар мен парақшалар құрған алаяқтар туралы тағы да ескертеді.

Facebook әлеуметтік желісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің атынан жалған парақша ашылу жағдайы тіркелді (жалған парақшаның сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=61569342687027). Бұл төрағаның жеке парақшасы емес екенін ескертеміз, — делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта мұндай жалған парақшаны бұғаттау жұмыстары жүргізілуде.

Facebook пен Instagram-дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының ресми парақшасы келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: https://www.facebook.com/ashatzhumagali, https://www.instagram.com/askhatzhumagali79?igsh=OXV6Y3Z1dThjcDc3.

Антикор күдікті мазмұнды тарататын парақшалар мен аккаунттар анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.