ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 19 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство дерегінше, Өскемен қаласының Қазақстан көшесінде тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты.
Өрт сөндіру жасақтары түтін аймағынан 18 тұрғын, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Өрт 30 шаршы метр алаңда оқшауланды. Жанып жатқан пәтерден 1946 жылы туған үй иесі шығарылып, емдеу мекемесіне жеткізілді, — делінген мәліметте.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.